«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы " Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16.03.2020 ж. сағат 08:00-ден 15.04.2020ж. сағат 07:00-ге дейінгі уақытқа төтенше жағдай енгізілгенін хабарлайды. Төтенше жағдайдың кезеңінде санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, барлық адамдар көп жиналатын объектілердің және іс-шаралардың қызметіне уақытша шектеулер қойылған.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) азаматтарды жеке қабылдауы тоқтатылды. Сонымен қатар, өтініштер менхаттарыңызды электронды түрде электрондық Үкімет "E-gov" арқылы және Басқарманың "gask-bko.gov.kz"  ресми сайты арқылы, "Қазпошта", Басқарманың "gask.zko" Facebook әлеуметтік желілер арқылы жолдауыңызға болатынын назарларыңызға жеткіземіз. Анықтама телефоны 87112-514361.