«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

ҚР Тұңғыш Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысу

2019 жылғы 25 мамырда Теректі ауданы, Долин селолық округінің Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өткізілді. Шараға Басқарма басшысы Бауыржан Болат-ұлы Сейтқали қатысты, сондай-ақ, Батай Төкешұлы атындағы стипендия тағайындаушы Сагидолла Батайұлы Еркебаевтың інісі аталмыш мектеп түлегі Сагитжан Батайұлы Еркебаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.А.Лұқпанова, Долин селолық округінің әкімі Т.Б.Манатауов, мектеп директоры Д.Е.Мурзагалиев, Ардагерлер кеңесінің төрайымы А.Н.Мазур, мектеп ұстаздары, оқушылар және ата-аналар жалпы саны, шамамен, 250 адам қатысты.

ҚР мемлекеттік гимнінің шырқалуымен басталған шара мектептің оқу озаттары мен мақтаныштарының шеруімен жалғасты. Шара барысында жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар мектеп түлектері мен оқушыларға, ұстаздар қауымына және ата-аналарға тілектерін білдіріп, сөз сөйледі.