«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Адалдық сағаты

 2019 жылғы 14 қазанда Орал қаласының Х. Чурин көшесі, 116 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Хайруллиннің қатысуымен «Адалдық сағаты» өткізілді. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының және тағы басқа мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты.