«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өткен мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара бойынша ақпарат

2019 жылғы 21 маусымда БҚО маслихатының ғимаратында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өткен болатын.

Мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі Ғ.Есқалиев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов құттықтады. Мемлекеттік қызметке қосқан үлестері үшін Басқарманың әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы С.Муканова және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы М.Байсеуф Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

#Мемлекеттік_қызметші_күні #Мемлекеттік_қызмет_БҚО

Please publish modules in offcanvas position.