«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Ашық әкімдік» ашық есік күні

2019 жылғы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында «Ашық әкімдік» ашық есік күні өткізілді.

Азаматтардың сұрақтарына жауап және кеңес беру мақсатында аталмыш шараға Облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, облыстық мемлекеттік мекемелер және құзыретті ұйымдар өкілдері, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан Басқарма басшысы Б.Б.Сейтқали, лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы С.Б.Карменова қатысты.

Please publish modules in offcanvas position.