«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясы

2019 жылғы 27 шілдеде облыс аумағындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын Жайық, Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Үлкен және Кіші Өзен өзендерінің, Шалқар көлінің және тағы басқа су айдындарының, сонымен қатар каналдардың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясы өткізілген болатын. Аталмыш іс-шараға Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлері белсенді түрде қатысты.
Басқармаға Зашаған кенті жағынан Шаған өзенінің жағалауынан жер телімі бекітіліп, қоқыстан жеткілікті тазартылды. Табиғатымызды таза күйінде сақтап, жасыл қаламыздың беделін көтеруге бар күшімізді салуымыз қажет.