«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өткен «Құрылысшы күні» кәсіптік мерекесіне арналған салтанатты шара бойынша ақпарат

2019 жылғы 9 тамызда Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Құрылысшы күні» кәсіптік мерекесіне арналған салтанатты шаралар өткен болатын.
Аталмыш шарада Басқарманың лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы Х.Садирова ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдың, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы А.Абдрахманова Облыс әкімінің орынбасары А.Алпысбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.