«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Латын керуені» көшпелі семинар-тренингі бойынша ақпарат

2019 жылғы 12 тамызда «Достық үйі» ғимаратында «Латын керуені» көшпелі семинар-тренингі өтті.
Аталмыш семинардың лекторлары ретінде «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» директорының кеңесшісі Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., абайтанушы, ғалым Темірбеков Омар Жәлелұлы қатысты.
Осы шараға Басқарманың әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы А.Сугурбаев та қатысқан болатын.