«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

АНЫҚТАМА

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-і «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 және «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрықтарына өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 632 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 және № 235 бұйрықтарына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Құрылыс объектілерін қабылдау кезінде туындаған сұрақтар бойынша Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекциясы бөліміне: Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, 4-қабат, 409 кабинетке жолығуыңызға, сонымен қатар, жұмыс телефон нөмірі 51-10-06 хабарласуыңызға болады.

Заңнамаға СІЛТЕМЕ:

«Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығы;

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығы.

Please publish modules in offcanvas position.