«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Басқарма басшысының төрағалығымен жиналыс өткізілді

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-де 25.09.2019 жылы сағат 16:00-де Басқарма басшысы Б.Сейтқалидың төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына қатысты, соның ішінде: қабылдау актісіне қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.08.2019 № 632 бұйрығымен 24.04.2017 жылғы №234 және №235 Бұйрықтарына енгізілген өзгерістер бойынша Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің департаментінің, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен, Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердін сапасы мен қауіпсіздігін бақылау баскармасының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Сонымен қатар, аталған жиналыста «КазТрансГазАймак» АҚ, «БатысСуАрнасы» ЖШС, БҚФ «ЗапКазРЭК» АҚ, «Казахтелеком» АҚ өкілдері қатысып, бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну бойынша «бір терезе» қағидаты негізінде мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары талқыланды.

Please publish modules in offcanvas position.