«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы интернет-конференция өткізеді

2020 жылдың 28 ақпан (жұма күні) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO» парақшасында өткізілетін болады (https://www.facebook.com/events/202051864489706/?active_tab=discussion).

Департамент келесі негізгі бағыттарды жүзеге асырады:

- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын туғызатын жағдайлар мен қатерлерді анықтау және зерттеу;

- құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, ашу және тергеу.

Келесі жобалар жүзеге асырылуда:

- «AQJAIYQ – ADALDYQ ALANY» - азаматтарға қолайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою;

- «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» - кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және бизнеске заңсыз араласу фактілерінің алдын алу;

- «SANALY URPAQ», «ADAL URPAQ» - білім саласында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік пен парасаттылық атмосферасын қалыптастыру және т.б.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Департамент басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев жауап беретін болады.

Өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды комментарий ретінде қалдыра аласыздар.

  • фин РК
  • 2damukz
  • 4damukz
  • 100 Esim Rus
  • e-gov
  • Әділет
  • Даму
  • 3damukz
  • 1damukz
  • тұрғын үй - 2020
  • Expo2017
  • Ашық үкімет
  • Mz Kz
  • Fmskz
  • Meirimdi Koktem
  • ipo