2018 жылғы 19 қазанда «Ағаш отырғыз – тамырыңды тереңге жай» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Х. Чурин көшесі, 116 мекенжайы бойынша Басқарма орналасқан ғимарат алдында орналасқан С.Сейфуллин атындағы тынымбақта ағаш отырғызу шарасы өткізілді.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев, облыстық басқармалар қызметкерлері және құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысты. Аталмыш іс-шараға Басқарма қызметкерлері белсенді түрде ат салысты.