Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында 23.10.2018 жылы сағат 10:00-де Басқарма басшысы Сейтқали Бауыржан Болат-ұлының төрағалығымен құрылыс объектілері бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирлік қызмет көрсету сұрағына қатысты жиналыс өтті.

Жиналыста, мониторинг бойынша жұмыс нәтижесі талқыланды.

Сонымен қатар, аталған жиналысқа «Стекло-Сервис» ЖШС-нің  өкілі қатысып, құрылыс объектілерін салу кезінде, әсіресе мектеп, балабақша, ауруханалар және т.б. объектілерге қатысты  терезе орнатуда жылу ұстаушы, күннен қорғау, соққыға төзімді, әйнек материалдары жөнінде  баяндама оқылды.