Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында 21.11.2018 жылы сағат 10:00-де Басқарма басшысы Сейтқали Бауыржан Болат-ұлының төрағалығымен және «Мемсараптама» РМК БҚО филиалының сарапшысы В.В.Кобиннің қатысуымен құрылыс объектілерін жобалау процесі және авторлық  қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирлік қызмет көрсету сұрағына қатысты  жиналыс  өтті.

Жиналыста, мониторинг бойынша жұмыс нәтижесі талқыланды.

Сонымен қатар,  құрылыс объектілерін жобалау кезінде бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, мүмкіндігі  шектеулі жандардың жағдайын қамтамасыз ету мәселесі ескертілді.