Бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық шеңберінде 2019 жылғы 24 сәуірде сағат 15.00-де «Атамекен» БҚО кәсіпкерлер палатасының алаңында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Б.Б.Сейтқалимен кәсіпкерлерді қабылдау және олардың туындаған сұрақтары бойынша кеңес беру жоспарланып отыр.

Қабылдауға жазылу сұрағы бойынша 24-28-96 байланыс телефоны арқылы Мағрипа Каиркызы Нигишеваға хабарласуға болады.