2019 жылғы 21 маусымда БҚО маслихатының ғимаратында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өткен болатын.

Мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі Ғ.Есқалиев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов құттықтады. Мемлекеттік қызметке қосқан үлестері үшін Басқарманың әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы С.Муканова және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы М.Байсеуф Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

#Мемлекеттік_қызметші_күні #Мемлекеттік_қызмет_БҚО