«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» (бұдан әрі - басқарма) ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығынасәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметы саласындағы заңнамалардың өзгеруіне байланысты  семинар, дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Бақармамен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: 

  1. Іздестіру қызметіне лицензия беру.
  2. Жобалау қызметіне лицензия беру.
  3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру.
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау.
  5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыссаласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу. 

Жоғарыда көрсетілген қызметтерден тек қана «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» қызметіне өзгерістер болды.

Өзгерістер құжаттарды кабылдау бөлігінде еңгізілді, егер бұрын құжаттар қызметберушімен қабылданды, енді құжаттар «Мемлекеттік корпорация» арқылы қабылданады.

Одан да басқа, өзгерістер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына еңгізілді (29.12.2018 ж.). Осы өзгерістер бойынша жоғарыда қөрсетілген қызметтер элекронды тұрде және тек кана электронды ұкімет портал арқылы көрсетілетін болу керек.

Одан да басқа, ҚР Премьер-Министр орынбасарымен  А.Қ. Жұмагалиевпен бекітілген, мемлекеттік қөрсетілетін қызметті оңтайландыру жөніндегі жол карталары бойынша 2019 жылға дейін қызмет қөрсетілетін мерзімдері қысқарту қарастырылған:

  1. Лицензиялау бойынша 15 күнен 5 жұмыс күнге дейін.
  2. Аттестациялау бойынша 30 күнен 15 жұмыс күнге дейін.
  3. Аккредиттеу бойынша 15 күнен 20-40 минутқа дейін.