Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы https://publicbudget.kz

Бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Бұл бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» халықаралық жастар байқауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырады.

Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады.

Өз жұмыстарында конкурсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін қоғамның барлық деңгейінде және өмір сүруінің барлық салаларында, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсетуі қажет.

Жұмыстарды қабылдау конкурстың ресми сайтында www.anticorruption.life ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында өткізіледі.

Қазақстанның атынан байқауға ұсынылатын үздік жұмыстар жартылай финалистерді іріктеу жөніндегі ұлттық конкурстық комиссияның отырысында анықталып, халықаралық қазылар алқасының қарауына жіберіледі.

 

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Нұр Отан» партиясы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Арыңды таза ұста» атты әлеуметтік  жарнамалық конкурс өткізеді

Шығыс № 02/2775 от: 21.09.2017
http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir 

Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.
Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.
Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларға негізделетін болады.
Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...)  және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((r.shakratova@kyzmet.gov.kz, https://www.facebook.com/ADGSPK/))  жолдауға шақырамыз.

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қорықпа, қорғаныс жаныңда!
Жемқорлықпен кездестіңіз бе?!

Батыс Қазақстан облысы бойынша  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлттық бюро департаментіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) хабарласыңыз.

Мекенжайы: Орал қ., Құрманазы көшесі 89/1

Сенім телефоны: 1424

Кезекші бөлім: 98-47-20