«Құрылыс индустриясының сандық трансформациясы» тақырыбында халықаралық конференция
Алматы қаласында, 2018 жылдың 2-3 наурыз аралығында «Құрылыс индустриясының сандық трансформациясы» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияға шетелдік және отандық министрліктер мен ведомстволардың, мамандандырылған жоғары оқу орындарының, жобалау, құрылыс ұйымдарының, бағдарламалық жасақтама әзірлеушілердің өкілдері қатысты.
Негізгі тақырып ретінде – құрылыста сандық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және дамыту болды. Соның ішінде, ВІМ – технологияларды құрылыс саласында кеңінен қолдану және оларды енгізу маңыздылығы туралы айтылды.8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтау!
8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!2-Республикалық кәсіпкерлер форумы
2018 жылғы 28 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл мәселелері бойынша Парламент депутаттарының, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және тағы да басқа азаматтардың қатысуымен 2-Республикалық кәсіпкерлер форумы өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықтың жаңа бастамаларымен таныстыру және 2018 жылға арналған Ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды.Дөңгелек үстел
Мемлекеттік корпорацияның өтініші негізінде «БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің ғимаратында 2018 жылдың 30 қаңтар айында «Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына өзгерістердің енгізілуіне байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ұсынушы бірыңғай мекеме болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің көпшілік бөлігі Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.
Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы нысанға техникалық паспортты дайындауды қысқарту болды. Ағымдағы жылдың басынан бастап салынған нысанға техникалық паспорт берілмейді. Паспортты өз еркімен мемлекеттік корпорацияға өтініш беру арқылы алуға болатын болады!