2017 жылғы 29 тамызда Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы орналасқан Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша ғимараттың алдыңғы жағында «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай ғимараттағы мемлекеттік мекемелер арасында іс-шара аталып өтті.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды. Іс-шара барысында Конституция күнімен құттықтау үшін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ахмет Наурызұлы Ғұбайдуллинге сөз берілді. Қорытындысында қызметкерлер бірін-бірі құттықтап, естелік бейнесуреттерге түсті.