2017 жылғы 8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілген болатын.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б. Ибрашев және Басқарманың мемлекеттік кызметшілері қатысты.
Семинар-кеңесте мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында негізгі міндеттердің бірі – қызметті алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру болып табылатындығы айтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге электрондық қызметтер, электрондық үкімет порталы арқылы қол жеткізуге болатындығы және мемлекеттік қызметті берушілермен насихаттау жұмыстарын, жалпы ақпараттылығын арттыру маңыздылығы айтылып өтілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдары шеңберінде туындайтын сұрақтар бойынша басқарма қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алынды.