2017 жылғы 8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес–әр мемлекеттік қызметшінің міндеті» тақырыбында өткен семинар-кеңеске облыстық жер қатынастары, құрылыс, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сонымен қатар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармалары кызметшілерінің қатысты.
Семинар-кеңес Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғ. Орынғалиевтың сөз сөйлеуімен басталды.
Аталмыш іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің өкілі Ж. Абдрахмановтың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі Б. Хайруллинің, БҚО прокуратурасының аға прокуроры Қ. Кулекешевтің, «Нұр Отан» ХДП өкілі М. Мұқашевтың және БҚО әкімі аппаратының өкілі В. Нимнің баяндамаларымен жалғасты.
Семинар-кеңестің қорытынды бөлімінде қатысқан облыстық басқармалар кызметкерлеріне «Парасыз қоғам – ұлт болашағы» жазбалы бүктемелер таратылуымен аяқталды.