2017 жылғы 29 тамызда ҚазИИТУ ғылыми-білім беру кешенінің Студентер сарайында ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция және мемлекет пен қоғамды модернизациялау» атты конференция өткізілді.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды.
Мереке күнімен құттықтау үшін ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, ҚазИИТУ ғылыми-білім беру кешені ректорының м.а. А. Баяхов және т.б. сөз сөйлеп, ҚР Конституция күніне арналған презентация түрінде бейне-жазба көрсетілді.
Сондай-ақ, Конституция күніне орай мемлекеттік мекемелердің бас мамандары құрмет грамоталарымен марапатталып, іс-шара салтанатты бөліммен жалғасты.
Іс-шара қорытындысында қызметкерлер бірін-бірі құттықтап, естелік суреттерге түсуімен аяқталды.