2017 жылғы 19 қыркүйектеБатыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а.Бауыржан Болат-ұлы Сейтқалидың төрағалығымен «Құрылыс нысандарын салу кезінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасты арттыру үшін құрылыстағы техникалық қадағалаушылардың жұмыс сапасын жақсарту» тақырыбында жиналыс өткізілген болатын.
Аталмыш іс-шараға техникалық қадағалаушылар және Басқарманыңмемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің мемлекеттік кызметкерлері қатысты.
Жиналыста:
- құрылыс нысандарын салу кезінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың бүгінгі таңдағы құрылыс саласындағы атқаратын рөлі, оның маңыздылығы және жауапкершілігінің жоғары екендігі;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 34-1-бабына сәйкес техникалық қадағалаушылардың құқықтары мен міндеттері;
- сондай-ақ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында проблемалық сұрақтар, ұсыныстар және ескертпелер туындаған жағдайда Басқарма мекенжайына жазбаша түрде жолдау қажеттілігі айтылды.