2017 жылғы 21 қазанда Орал қаласы бойынша жалпықалалық сенбілік өткен болатын. Аталмыш іс-шараға Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлері белсенді түрде ат салысты.
Басқармаға бекітілген жер телімі Юность стадионы жанындағы Т. Масин атындағы тынымбақ қоқыстан түгелдей тазартылды. Табиғатымызды таза күйінде сақтап, жасыл қаламыздың беделін көтеруге бар күшімізді салуымыз қажет.