2017 жылғы 31 қазанда Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар-кеңес өткізілген болатын.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Р.Ғ. Муратов және облыстық жер қатынастары, құрылыс, кәсіпкерлік және индустриадық-инновациялық даму Басқармаларының кызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында сыбайлас жемқорлық салдарымен күреске емес, соның ішінде оның алғы шартарын жоюға бағытталған себептері мен шарттарын жою, сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту үшін мемлекетпен қабылданып жатқан кешенді шаралар туралы айтылып өтілді.
Сонымен қатар, осы мәселе бойынша Қазақстанның ұстаным принциптарын көрсететін басты стратегиялық құжат 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған жаңа Жемқорлыққа қарсы стратегиясы болып табылатындығы аталып көрсетілді.
Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдары шеңберінде басқарма қызметкерлері туындайтын сұрақтарына нақты жауап таралды.
Аталмыш іс-шара бейнежазба көрсетіліммен аяқталды.