Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында 2017 жылы 20 желтоқсанда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы орынбасарының Doing Business шеңберінде «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 2017 жылғы 12 желтоқсанда өткізілген №30-02/55 хаттамасы негізінде құрылысқа рұқсат алу рәсімдеріне қатысты заңнамаға қатысты семинар-жиналыс мүдделі мемлекеттік мекемелермен өткізілді.
Семинар-жиналыста, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы қызметіндегі құрылысқа рұқсат алуға қатысты, кәсіпкерлік қызметті оңтайландыру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасына түсініктеме берілді.