2018 жылғы 26 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында түсіндіру және іске асыру жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша ақпараттық топ құрамының кейбір өкілдері Сырым ауданына іссапармен шыққан болатын.
Басқарманың әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы Айболат Нұрболатұлы Сүгірбаевқа Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округіне Жолдауды түсіндіру жүргізу тапсырылды. Ауылдық округ әкімі Салауат Сапаұлы Ғабдуллиннің төрағалығымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы хатшысының бірінші орынбасары Талғат Мұратұлы Дарғожиев, Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мирам Нұрмағамбетұлы Қайырғалиев, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық мекемелердің және шаруашылық құрылымдарының басшылары, қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, жалпы саны 37 адам қатысты.
Жиналыс төрағасы С.С.Ғабдуллин бірінші боп сөз алып, ақпараттық топ мүшелерімен таныстырып өтті. Кейін Т.М.Дарғожиев Жолдаудың он бағыттан тұратындығын атап өтіп, толығырақ үшінші және жетінші бағыттарға тоқталды. Жиналыстың қорытынды бөлігінде А.Н.Сүгірбаев Жолдаудың әр бағытына қысқаша мағлұмат беріп, бесінші және сегізінші бағыттарға баса назар аудартты.