Құрметті облыс тұрғындары!

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі террористік қауіптілікпен байланысты хабарларды қабылдау мақсатында бірегей үш таңбалы нөмір - «110» қауырт желісін енгізгендігін хабарлайды.

Қазақстанның кез келген нүктесінен «110» нөміріне хабарласқан азаматтардың қоңырауы аумақтық ерекшеліктеріне сәйкес ҰҚК Департаменттеріне түсетін болады.
«110 қауырт желісі», ең алдымен, жоспарлану, дайындық не қаржыландырылу және ұйымдастырылу сатысындағы терроризм актілері туралы, радикалды, діни емес ағымдарды ұстанушылардың оқытулары, терроризм мен діни экстремизм идеологияларын насихаттау және тарату туралы жедел хабарлама жасауға арналған.

Батыс Қазақстан облыстық терроризмге
қарсы күрес оперативтік штабы